Тараз бен Алматы облысында көмірқышқыл газынан улану салдарынан бір бала қаза тауып, алты адам ауруханаға жатқызылды
Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тараз бен Алматы облысында көмірқышқыл газынан улану салдарынан бір бала қаза тауып, алты адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, Алматы облысында 8 жасар бала көмәірқышқыл газынан уланып қайтыс болды. Оқыс оқиға Райымбек ауданының Кеген ауылы Қарғасов көшесіндегі жер үйде 27 қазанда көмір жағатын пештің ақауы салдарынан болған. Сонымен бірге, Тараз қаласының Лазарев көшесінде 28 қазанда 02 сағат 30 минутта пештің ақауы салдарынан 6 адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін