«Тараз» бен «Раднички» футбол клубтары арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тараз» бен «Раднички» футбол клубтары арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды

«Тараз» бен «Раднички» футбол клубтары арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды

Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Тараз» футбол клубы Сербияның «Раднички» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

  • 17 Ақпан 2012
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұл ойын 3:0 есебімен тараздықтардың жеңісімен аяқталды. Бірінші боп Шерхан Бауыржан есеп ашты. Одан кейін Иван Перич пен оның оның орнына шыққан Ерзат Кенбаев мергендік танытты.

«Тараз» Қазақстан Премьер лигасында өткен маусымда 9-орын алса, Крагувац қаласының «Раднички» клубы Сербияның бірінші лигасында 4-орында келе жатыр. Крагувацтықтардың 1923 жылы құрылған бұл командасы 2009/2010 жылғы маусымда Батыс лигасында 1-орын алған еді.

Бастапқыда тараздықтар Ягодина қаласының «Ягодина» клубымен кездеседі деп жоспарланған болатын. 1919 жылы негізі қаланған «Ягодина» футболшылары Сербия суперлигасында 2010/2011 жылғы маусымда 12-орын алған еді. Енді «Тараз» келесі кездесуін 19-ақпанда Ресейдің «Химки» командасымен өткізбек. Химки қаласының 1996 жылы құрылған бұл командасы Ресейдің бірінші дивизионында соңғы маусымда 13-орын алды. Олар бұған дейін 2004/2005 жылғы маусымда Ресей кубогының финалисі, ал 2006 жылы Бірінші дивизонда жеңімпаз атанған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера