«Тараз инвест-2012» форумы аясында туристік экскурсия өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тараз инвест-2012» форумы аясында туристік экскурсия өтуде

«Тараз инвест-2012» форумы аясында туристік экскурсия өтуде

Бүгін «Тараз инвест-2012» халықаралық инвекстициялық форумына қатысушылар үшін Жамбыл облысында туристік экскурсия өтіп жатыр.

  • 9 Қараша 2012
  • 403
Фото - Caravan.kz

Оны өңірлік туризмді дамыту мақсатында облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Бұл шара кезінде қонақтар Тектұрмас, Қарахан, Айша бибі, Бабажы қатын және Төрткүл керуен сарайы мен тарихи өлкетану мұражайын аралайды. Сондай-ақ Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында «Көкпар», «Теңге алу», «Қыз қуу», «Аударыспақ», аңшы құстармен саятшылық сияқты ұлттық ойындарды тамашаламақ.

2010 жылы облыста туризм туристік кластперді дамытуға арналған шеберлік жоспары жасалған болатын. Ол 2014 жылға дейін туризм кластерін құруға, инфрақұрлымды дамытуға және бизнеске жаңа технологияларды енгізуді қамтамасыз етіп, бәсекеге сай туристік өнімді қалыптастыруға бағытталған. Аймақтағы туризм нысандарының ең маңыздысы Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізін жағалай жол бойындағы сервистік кешендердің құрылыс мен саяхаттарды дамыту болып отыр. Қазіргі таңда Т. Рысқұлов ауданындағы Ақыртас сарайы кешені мен Жуалы ауданындағы «Тау самалы» туристік кешеніне апаратын жолдар құрылысына инвестициялық ұсыныстар дайындалған. Сондай-ақ 2013-2014 жылдарға Жуалы ауданындағы Көксай арнасына баратын 25 шақырым жолдың құрылысы да жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар