«Тараз инвест-2012» форумы кезінде 109, 1 млрд. теңгенің меморандумдарына қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тараз инвест-2012» форумы кезінде 109, 1 млрд. теңгенің меморандумдарына қол қойылды

«Тараз инвест-2012» форумы кезінде 109, 1 млрд. теңгенің меморандумдарына қол қойылды

Біз «Тараз инвест-2012» форумында инвестицияны қажет ететін 14 инвестициялық жобаны таныстырдық.

  • 9 Қараша 2012
  • 407
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы Жамьыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев форум жұмысын қорытындылау кезінде айтты.

«Бірқатар жобалар бойынша келісімдерге қол қойдық. Бұл облыстың одан ары дамуына тың серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен салықтық түсімдердің өсуіне түрткі болады», — дейді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев. Оның айтуынша, бұл алқалы жиын кезінде нақты 6 құжатқа қол қойылып отыр. Атап айтқанда облыс әкімі мен «SCAT» әуекомпаниясының бірінші вице-президенті Владимир Сытник Тараз қаласы әуежайын қайта құру жоспары бойынша келісімге, Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков пен «Стройтельная механизация» АС Атқарушы директоры Стефан Желязков Жамбыл облысында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт салу жөніндегі келісімге; Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев пен «Alina Holding» ЖШС-нің директоры Николай Бударгин Жамбыл облысы аумағында құрылыс материалдарын шығару туралы келісімге; «Тараз» ӘКК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Азамат Тілеулесов пен Халықаралық қаржы корпорациясының Инвестиция бойынша сарапшысы Сәуле Иманова «Тараз» агроөңдеу логистика орталығы» жобасы бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға; Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратбай Жолдасбаев пен «Australasia Pacific Pty Ltd» директоры Эндрю Фернихоу «Мерке» асыл тұқымды зауыты» АҚ-ын қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға; «Тараз» ӘКК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Азамат Тілеулесов пен «Asia glass»ЖШС-нің акционері Нұрлан Шәріпов шыны зауытының құрылысы бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.

Соңғы жаңалықтар