Тараз колониясында бір тұтқын жариялы түрде өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз колониясында бір тұтқын жариялы түрде өзіне қол жұмсады

Тараз колониясында бір тұтқын жариялы түрде өзіне қол жұмсады

Тараздағы қатаң тәртіпті 154/8 колониясында 36 жастағы Қайрат Сандыбаев есімді тұтқын жариялы түрде өзіне өзі қол жұмсау шарасын жүзеге асырды. Бұл туралы ҚР әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облыстық басқармасының бастығы Серік Ахметов бүгін, 27-маусымда хабарлады.

  • 27 Маусым 2003
  • 481
Фото - Caravan.kz

Белгілі мәліметке сәйкес, тұтқын мекеме аумағындағы үш қабатты жатақхананың үстінгі қабатының шатырынан секіру салдарынан жарақаттанып қайтыс болған.

Жариялы түрде өзін-өзі өлтірмес бұрын Қайрат Сандыбаев абақтыдағы тәртіп талаптарын орындаудан бас тартқандығы үшін колонияның айыппұлдық изоляторына жеке қамалған тағы бір тұтқынды босатуды талап еткен көрінеді.
С.Ахметовтың айтуынша, карта ойнаудан борыштанып қалған Қ.Сандыбаев өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болған. Ол мұндай жариялы наразылық шарасына кредитордың талабымен барды деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар