Caravan Logo

Тараз колониясында бір тұтқын жариялы түрде өзіне қол жұмсады

Тараз колониясында бір тұтқын жариялы түрде өзіне қол жұмсады

Белгілі мәліметке сәйкес, тұтқын мекеме аумағындағы үш қабатты жатақхананың үстінгі қабатының шатырынан секіру салдарынан жарақаттанып қайтыс болған.

Жариялы түрде өзін-өзі өлтірмес бұрын Қайрат Сандыбаев абақтыдағы тәртіп талаптарын орындаудан бас тартқандығы үшін колонияның айыппұлдық изоляторына жеке қамалған тағы бір тұтқынды босатуды талап еткен көрінеді.
С.Ахметовтың айтуынша, карта ойнаудан борыштанып қалған Қ.Сандыбаев өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болған. Ол мұндай жариялы наразылық шарасына кредитордың талабымен барды деген болжам бар.