Жарияланды: 710

Тараз көшелеріне Аманат Назарқұлдың жасаған мүсіндері орнатылды

Тараз көшелеріне жамбылдық суретші, Қазақстан Суретшілер академиясының корреспондент-мүшесі Аманат Назарқұлдың мүсіндері орнатылды.

Мүсіншінің айтуынша, өзінің туған қаласының көшелері мен бақтарына ол барлығы 9 туындысын орнатуды жоспарлап отыр. «Айша бибі», «Ана», «Садақ атушы алтын жауынгер» мүсіндері Тараздың орталығындағы Абай даңғылының бойына орналастырылса, «Ақ бота» - мүсіні - Тұңғыш Президент саябағында тұр. Ал «Баласағұн» концерт залының алдындағы алаңға қойылатын «Қобызшы» мүсінін аяқтауға жақынмын», - дейді Аманат Назарқұл. Тараз көшелерінің көркін келтіріп тұрған мүсіндерге тұрғындар жоғары баға беруде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін