Мүсіншінің айтуынша, өзінің туған қаласының көшелері мен бақтарына ол барлығы 9 туындысын орнатуды жоспарлап отыр.
«Айша бибі», «Ана», «Садақ атушы алтын жауынгер» мүсіндері Тараздың орталығындағы Абай даңғылының бойына орналастырылса, «Ақ бота» — мүсіні — Тұңғыш Президент саябағында тұр. Ал «Баласағұн» концерт залының алдындағы алаңға қойылатын «Қобызшы» мүсінін аяқтауға жақынмын», — дейді Аманат Назарқұл.
Тараз көшелерінің көркін келтіріп тұрған мүсіндерге тұрғындар жоғары баға беруде.