"Гаджеттерді пайдалануға тыйым салынуының басты себебі — ұялы телефондардың ұрлануына тоқтау салу", — дейді Тараз қаласының прокуроры Бекзат Сейілханов.
Ал, Жамбыл облыстық ІІД-нің мәліметіне сенсек, тек 2016 жылдың өзінде полицейлер қала аумағында ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолын кескен.
"Прокуратура "Мобильник" деп аталатын арнайы жобаны іске қосып отыр. Өйткені, былтыр тіркелген ұрлық деректерінің әрбір екіншісі, яғни 42,1 пайызы ұялы телефон ұрлығы болып отыр", — дейді Бекзат Сейілханов.
"Мобильник" жобасы аясында құқық қорғаушылар тұрғындарды сақ болуға шақырып, ұрлыққа күдікті тұлғалардың суреттерін көшелерге жабыстырып жүр. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың әкімшілік хаттамасына күдіктілердің ұялы телефондарының IMEI-кодтарын енгізуде.
"Алдын алу шараларының әлсіздігінен жасөспірімдер арасындағы қылмыстның саны күрт артып кетті. Қазіргі таңда Тараздағы жастармен 28 мобильді топ жұмыс істеуе. Оқушылардан сұрақ-жауап алынып, мектептер толығымен учаскелік инспекторлармен және бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Мектептердің бәрінде ұялы телефонға тыйым салынған", — дейді прокурор.