«Жарыс бағдарламасында 2,5 және 5 шақырымға созылған топтық кросс, төрт кезеңнен тұратын 2,5 шақырымдық кросс эстафетасы, үстел теннисі, шахмат, волейбол ойындары болды», — дейді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.
Жарысқа бес аймақ — Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласынан, сондай-ақ Алматы қаласы Ұзынағаш ауданының екі әскери бөлімінен келген күшті құтқарушы-спортшылар топтары қатысты.
Спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД құрамасы жалпы командалық есепте алған ұпайлары бойынша жеңімпаз атанды. Екінші орынды жамбылдықтар иеленсе, Алматы облысының спортшылары үшінші орынға лайық деп танылды.
Спартакиаданың салтанатты жабылуы Тараздың М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетінің спорт залында өтті, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.