Тараз қаласының тұрғынынан тәртіп сақшылары 1 тоннадан астам марихуана тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз қаласының тұрғынынан тәртіп сақшылары 1 тоннадан астам марихуана тәркіледі

Тараз қаласының тұрғынынан тәртіп сақшылары 1 тоннадан астам марихуана тәркіледі

Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Түсқора учаскесінде Тараз қаласының тұрғынынан 1,1 тонна марихуана тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тараз қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Тамыз 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтқын кептірілген қарақурайды 40 қапқа салып, құпия қоймада сақтамақшы болған. 27 жастағы күдікті бұл есірткіні сату арқылы 10 млн. теңге табуды көздесе керек, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары сонымен бірге одан бау-бақша баптауға арналған құрал-жабдықтар тәркіледі.

Қазір тұтқын уақытша тергеу абақтысында отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Перейти к новостям спорта