Тараз тұрғыны шетелдік азаматты 12600 долларға алдаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз тұрғыны шетелдік азаматты 12600 долларға алдаған

Тараз тұрғыны шетелдік азаматты 12600 долларға алдаған

Таразда полицейлер шетелдікті 5 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстаған.

  • 22 Ақпан
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері шетел азаматына 12600 долларға пияз тұқымын жеткізуге уәде берген Тараз қаласының тұрғынын анықтаған. Болған оқиға туралы полицияға шет мемлекеттің азаматы хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, бір адам 420 келі пияз тұқымын жеткізу сылтауымен сенімге кіріп, алдау арқылы оның ақшасын иемденіп алып, келісім шартты орындамаған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалған.

Polisia.kz-тің хабарлаунша, қазіргі уақытта іс егжей-тегжейлі анықталу үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысының полиция департаменті бейтаныс адамдармен ірі көлемдегі сатып алуда өте қырағы және сақ болуды ескертеді. Егер, сіз осындай қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз “102” байланыс арнасы арқылы полицияға немесе ауданыңыздың полиция бөліміндегі кезекші бөлімге дер кезінде хабарласыңыз.