Тараз жұрты күллі елді дүрліктірген қанды оқиғаны еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз жұрты күллі елді дүрліктірген қанды оқиғаны еске алды

Тараз жұрты күллі елді дүрліктірген қанды оқиғаны еске алды

Осыдан төрт жыл бұрын лаңкес Мақсат Қариев жеті адамның өмірін қиған еді. Көшеде қару кезенген қаскөй соңына түскен үш полицей мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі қызметкерін ажал құштырған. Бүгін Әулиеата тұрғындары ерлікпен қаза тапқан есіл ерлерді еске алып, рухына тағзым етті.  

  • 13 Қараша 2015
  • 358
Фото - Caravan.kz

Жыл сайын жергілікті тұрғындар мен ішкі істер саласының мамандары Ғазиз Байтасовтың монументі маңына жиналады. Сөйтіп, батыр туралы естеліктер айтып, оның ерлігін ұрпаққа дәріптейді. Бұл жолы еске алу жинынына келгендердің қарасы қалың болды.

Ғазиз Байтасов небәрі 41 жасында ажал құшты. Елге жасаған ерлігі үшін қазасынан кейін ең жоғарғы «Халық қаһарманы» атағы берілген болатын. Батырдың қабіріне еңселі ескерткіш те орнатылған.

Гүлжамал Тәжиева, Ғ.Байтасовтың жесірі:

-Үлкен ұлым 15 те, кішкентайым 7 де, сегізге шығады. Екеуі де әлі де әкелерін еске алып, әрдайым сағынып отырады. Бірақ халқына елімізге рахмет. Елдің, халықтың ұлы болғандықтан, бізбен қайғымызбен бөлісіп. Екі баласына қолдау, демеу көрсетіп жүреді.

Естеріңізге салсақ, мұздай қаруланған лаңкесті капитан Ғазиз Байтасов дәл осы тұста құшақтай құлаған. Сосын жарылғыш зат іске қосылып, жанкештімен бірге жан тапсырды. Осылайша есіл ер өзгенің жаны үшін өз өмірін қиды. Сол күні полиция қызметкері Самат Алашевтың лаңкесті  тоқтатуға мүмкіндігі болған. Бірақ алдынан қарсы шыққан қылмыскер, қаптаған елдің арасына жасырыныпты. Ақыры қарша бораған оқтан өзі жараланып, өлім аузынан қалды.

Самат Алашев, Үшінші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері:

-Осы төңіректе, балалар көп ойнап жүрген. Сол балаларға қарамай оқ атқан бізге қарай. Бізге оқ атуға мүмкіндік болмады. Себебі кішкентай балалар көп болған. Содан қару қолдана алмадық.  

Жалпы 3 полицей мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 қызметкері міндетін орындау кезінде қаза тапса, тағы екі жергілікті тұрғын адасқан оқтан ажал құшты. Қапыда құрбан болғандардың даңқын дәріптеу – енді ұрпаққа аманат. 

Соңғы жаңалықтар