Тараз-Алматы тас жолында оңтүстік астанаға бет түзеген 4 кило героин ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз-Алматы тас жолында оңтүстік астанаға бет түзеген 4 кило героин ұсталды

Тараз-Алматы тас жолында оңтүстік астанаға бет түзеген 4 кило героин ұсталды

17-ақпан күні таңғы сағат 4-те есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері өз автокөлігінде Алматыға 4 кило героин әкеле жатқан Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 17 Ақпан 2004
  • 421
Фото - Caravan.kz

Есірткі тасымалдаушының автокөлігі Алматыдан 55 шақырымдағы «Ростов» бақылау бөлімшесінде ұсталды. Есірткіні ІІББ кинологиялық қызметінің Нора атты иісшіл иті тауып алды. Есірткі көліктің артқы есігінің қаптамасының астына жасырылыпты.

Полицияның ақпаратына сәйкес, тұтқын бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Оның айтуынша, әлдекімдер одан жүкті Алматыдан Таразға 1000 долларға жеткізіп беруді өтінген-міс. Жасырылған нәрсенің не екенін білмедім дейді ол.
Қазір есірткі тасымалдаушы қамауға алынып, есірткі сараптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар