Жарияланды: 500

Таразда 1-шілдеден бастап ауыз суға дифференцияланған тарифтер енгізілуде

Таразда 1-шілдеден бастап ауыз суға дифференцияланған тарифтер енгізілуде, деп хабарланған Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінен таралған баспасөз хабарламасында.

1-шілдеден бастап мемлекеттік коммуналды "Тараз-су" кәсіпорынның орташа босатылым тарифі қосымша құн салығын қоспағанда 1 текшеметр үшін 27,32 теңгені құрайды, бұл бұрынғысынан 9,28% артық, делінген хабарламада. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін (айына 1 адамға шаққанда 2,5 текшеметрден артық су жұмсамайтындар) ауыз су тарифі 24,31% төмендетіліп, қосымша құн салығын қоспағанда 1 текшеметр үшін 16,69 теңгені құрап отыр. Тұтынушылардың екінші тобы үшін (айына 1 адамға шаққанда 2,5 текшеметрден артық су жұмсайтындар, есеп приборлары жоқтар, жылу энергетикасы саласындағы коммуналды кәсіпорындар ) ауыз су тарифі керісінше 15,1% өсіп, қосымша құн салығын қоспағанда 1 текшеметр үшін 25,38 теңгені құрап отыр. Бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын ұйымдар да екінші топқа жатқызылған. Олар үшін тариф қосымша құн салығын қоспағанда бір текшеметр үшін 25,38 теңге деп бекітілген. Басқалары үшін тариф 39,2% өскен, қосымша құн салығын қоспағанда бір текшеметр үшін 66,8 теңгені құрайды. Хабарламада атап өтілгендей, тарифтерді арттыруға себеп болған жанар-жағар май бағасының қымбаттауы, өзге ұйымдардың қызметтерінің қымбаттауы, жөндеу жұмыстарына жұмсалатын қаржының артуы, негізгі қорларды қайта бағалауға байланысты аммортизациялық аударымдардың артуы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін