Таразда 2 жылдан соң жаңа Спорт сарайы пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда 2 жылдан соң жаңа Спорт сарайы пайда болады

Таразда 2 жылдан соң жаңа Спорт сарайы пайда болады

Таразда «Байтерек» атты жаңа ықшамауданда Спорт сарайының іргетасы қаланды, деп облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Маусым 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

«2011-ші жылға нысан құрылысына облыстық бюджеттен Т1 млрд бөлінді», — деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев сейсенбі күнгі іргетас қалану рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Спорт сарайыныда жалпы дене шынықтыру және аттлетикалық дайындық пен спорттық-бал билерімен айналысуға арналған 13 залы бар. Мұнда волейбол, баскетбол, шағын-футбол, теннис, жүзумен айналысуға болады. Мұнда барлығы спорттың 18 түрынен 2600 спортшы айналыса алады.

Одан басқа спортшыларды тамақтандыру үшін жұмыс жобасында екі қоғамдық тамақтандыру нысаны – 120 орындық кафе және 110 орындық кафе-бар қарастырылған.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, жоба құны Т4,87 млрд, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына – Т3,67 млрд, жабдықтарға – Т477,6 млн қарастырылған.

Тараз қаласындағы Спорт сарайының құрылысы облыс спортшыларының оқу-жаттығуының сапасын арттыруға жағдай жасайды, тиісінше облыс спортшылары дайындығының деңгейіне әсер етеді, облыстық, республикалық мәніндегі спорттық-бұқаралық шараларды жоғары кәсіби деңгейде өткізуге септігін тигізетін болады.

Қазіргі уақытта аймақта жаппай спортпен 150 мыңдай адам айналысады.