Таразда 25 шілдеде жалпықалалық сейсможаттығу өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда 25 шілдеде жалпықалалық сейсможаттығу өтеді

Таразда 25 шілдеде жалпықалалық сейсможаттығу өтеді

Таразда сейсможаттығуларға дайындалып жатыр, деп Жамбыл облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Шiлде 2011
  • 814
Фото - Caravan.kz

«25 шілдеде 15:00-де Таразда жалпықалалық сейсможаттығулар өткізіліп, оған мейлінше көп мекемелер, кәсіпорындар мен қала халқы тартылмақшы», — деп ҚазТАГ тілшісіне облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов дүйсенбі күні мәлім етті.

Оның айтуынша, сейсможаттығулар жалпыға бірдей Азаматтық қорғаныстың «Тыңдаңыздар, барлығыңызға!» сигналын қаланың әр түкпірінде орналасқан сирена дабылын берумен басталады. Сондай-ақ 7 телеарна мен 3 радиоарнада сейсмикалық жаттығулардың басталғандығы хабарланады.

«Қазақстанның оңтүстік өңірі сейсмикалық тұрғыдан қауіпті аймақта орналасқандықтан мұнда аса зор жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары. Бүгіндері сейсмологияда жер сілкінісін болжаудың сенімді әдістерінің жоқтығы, кезекті жер сілкінісінің қашан және қандай қуатпен болатынын алдын ала болжауды қиындатады», — деп түсіндірді Р. Иманқұлов.

Соңғы 40 жылда Жамбыл облысында ауыр экономикалық соққы болған 2 күшті жер сілкінісі болды. Олар күші 5-6 балл болған 1971 жылғы Тараздағы жер сілкінісі мен 2003 жылы Тараздан 100 км жердегі Луговое аудан орталығындағы жер сілкінісі болды. Ал күші 2-3 баллдық жер сілкінісі жыл айын 5 және одан да көп рет болып тұрады.

Соңғы рет осындай күші 3 баллдық жер сілкінісі 20 шілдеде болды.

«Жабыл облысында жойқын жер сілкінісі орын алған жағдайда халықты эвакуациялау және шұғыл әрекет ету жоспарлары жасалған», — деді Р. Иманқұлов. Оның айтуынша, ҚР ТЖМ жоспары бойынша республикалық көлемде әр түрлі кешенді жаттығулар өткізіліп тұрады.

Жамбыл облысында құтқару күштерінің дайындығы мен халықты төтенше жағдайда не істеуге болатындығына үйретуге көп назар аударылады, деді ол.

Облыстың 10 аудан территориясында 28 маусымнан 8 шілде аралығында жалпы аудандық сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылып, оған адамдар көп жиналатын нысандар қатысты, деп облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар