Таразда 36 жастағы әйел бомба құрылғаны туралы жалған хабар берген деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда 36 жастағы әйел бомба құрылғаны туралы жалған хабар берген деген күдікпен ұсталды

Таразда 36 жастағы әйел бомба құрылғаны туралы жалған хабар берген деген күдікпен ұсталды

ТАРАЗ. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Таразда 36 жастағы әйел жарылғыш зат құрылғаны туралы жалған хабар берген деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Жамбыл облыстық ІІД хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2007
  • 294
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17-қаңтарда 10 сағат 10 минутта жол полициясы басқармасына белгісіз біреу телефон қоңырауын шалып, басқарма ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлаған.

ІІД-нің экстремизммен және лаңкестікпен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері телефон қоңырауы «Қазақтелеком» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының телекоммуникациялық дирекциясының таксофонынан жасалғанын анықтады. Күдікті әйел қолға түсті.

Әйел өзінің кезекші бөлімге телефон соғып, жалған ақпарат бергенін мойындаған. Тәртіп сақшылары әйел бұзақылыққа байланысты осындай әрекетке барды деп пайымдауда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта