Таразда 55 діни бірлестік тіркелген, олардың арасында 17 мұсылман, 38 христиандық бірлестіктер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда 55 діни бірлестік тіркелген, олардың арасында 17 мұсылман,  38 христиандық бірлестіктер бар

Таразда 55 діни бірлестік тіркелген, олардың арасында 17 мұсылман, 38 христиандық бірлестіктер бар

Таразда 55 діни бірлестік тіркелген, олардың арасында 17 мұсылман, 38 христиандық бірлестіктер бар. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада айтылған деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Шiлде 2003
  • 606
Фото - Caravan.kz

Христиандық бірлестіктер арасында 2 орыс православиелік, 1 рим-католик дінінің, 12 протестант дінінің (баптистер, адвентистер және методистер), Йегова куәгерлерінің 11 бірлестігі, 2 пресвитериан шіркеуінің, 2 дәстүрден тыс протестант шіркеуінің («Новая жизнь» және «Грейс — свет любви») бірлестіктері бар.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Тараздың мемлекеттік мекемелері мен діни бірлестіктер арасында ашық пікір алмастық негізінде жемісті әріптестік байланыс орнаған. Бірлестіктер, шіркеулер мен мешіттер көшелер мен гүл бақтарын көгалдандырып көріктендіру, қарттар мен кедейлерге, қаладағы жетімдер үйлеріне арнап қайырымдылық шаралар өткізуде қолғабыс жасап отыр. Евангелистік христиан дінінің «Вифания» шіркеуінің жанында бастауыш мектеп жұмыс істеп, онда кедей отбасылардан 70 бала білім алып жатыр.
Сонымен бірге, заң бұзу оқиғалары да қылаң беріп қалады. Атап айтсақ, облыста Евангелистік шіркеулер кеңесіне қарасты баптист христиандардың екі бірлестігі мемлекеттік тіркеусіз жұмыс істеп келген.

Соңғы жаңалықтар