Таразда гвардияшылар баланы өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 8 желтоқсанның кешінде болған. Ұлттық ұланның 5513-әскери бөлімінің жасағы тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден секіргелі жатқан қызды байқап, құтқаорып қалды.
Әскери нарядтың бастығы Ерден Ауған әскери нарядтар бойынша кезекшіге және учаскелік инспекторға дереу оқиға туралы баяндады. Құтқарушылар келгенге дейін күзетшілер баламен сөйлесіп, уақытты созған. Учаскелік полиция қызметкері келіп, қыздың анасынан кілтті алып үйге кірді.
Кейін анықталғандай, қыздың анасы баланы пәтерге қамап, өзі азық-түлік алуға кеткен.