Таразда 80-ге тарта үй су астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда 80-ге тарта үй су астында қалды

Таразда 80-ге тарта үй су астында қалды

Таразда 4 бірдей көшені су басты. Оқиға кешегі көп мөлшерде жауған жауын салдарынан болған. Нәтижесінде жерасты сулары көтеріліп, 80-ге тарта үйдің ауласы су астында қалды.

  • 23 Маусым 2016
  • 245
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Қазір 4 судан тазартатын арнайы көлік пен 30 шақты құтқарушы оқиға орнында сақадай сай тұр. Құтқарушылардың айтуынша, дәл қазір суды тазарту еш нәтиже бермейді. Себебі жерасты сулары әлі де көтеріліп, шығып жатқан көрінеді. Қазір аталған оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.