Таразда 8-қараша күні халықаралық TARAZ INVEST-2012 инвестициялық форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда 8-қараша күні халықаралық TARAZ INVEST-2012 инвестициялық форумы өтеді

Таразда 8-қараша күні халықаралық TARAZ INVEST-2012 инвестициялық форумы өтеді

Таразда бейсенбіде халықаралық TARAZ INVEST-2012 инвестициялық форумы жұмысын бастайды.

  • 7 Қараша 2012
  • 637
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбіде облыс әкімінің баспасөз қызметінен таралған ақпаратқа қарағанда, дәстүрлі форумның мақсаты Жамбыл облысына тікелей инвестиция тарту, аймақтың экономикалық даму келешегін талқылау, тиімді инвестиция құюдың жаңа тенденциялары туралы диалог және қазақстандық инвесторлардың назарын инвестициялық қызмет жүргізу жолдарындағы мәселелерді шешуге аудару.

«Форум барысында аймақтың инвестициялық ахуалын жақсарту мәселесі, еліміздің Кеден одағына ену нәтижелері, Қазақстан Республикасы экономикасының әр түрлі секторларына инвестицияларды ынталандыру механизмдері талқыланады», делінген хабарламада.
Форумға индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау, облыс әкімі Қанат Бозымбаев, салалық министрліктердің, ведомстволардың, даму институттарының, халықаралық ұйымдардың, ірі шетелдік және отандық компаниялардың өкілдері қатыспақ.
Форумның сессиялары: «Қазақстанға инвестиция құю. Инвестордың көзқарасы тұрғысынан», «Агроөнеркәсіптік кешен және жеңіл өнеркәсіп «, «Химия өнеркәсібі және құрылыс», «Энергетика және жер қойнауын пайдалану «, «Туризм және көліктік логистика».
Шараға модераторлар ретінде Deutsche Bank Қазақстан бойынша бас директоры Ульф Вокурка, Booz Allen Hamilton Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Роберт Босворт, Almagest консалтингтік компаниясының бас директоры Айдархан Құсайынов қатыспақ.
Форумды ұйымдастырушылар «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Нұр Отан» партиясы және индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Жамбыл облысының әкімшілігі.

Соңғы жаңалықтар