Таразда мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады. 9-сыныпта оқитын қыз өзінің бөлмесінде асылып қалған. Оның өлі денесін анасы бірінші байқапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK ақпаратына сүйенсек, 15 жастағы оқушы қаладағы №26 мектеп-гимназияда оқыған. Марқұмның тәртібіне ешқандай шағым болған жоқ дейді ұстаздары. Тіпті сабақ үлгерімі мен өзге балалармен қарым-қатынасы да жақсы болған. Сондықтан оқушының өмірден баз кешуіне не жағдай әсер еткені жұмбақ.
Қайғылы оқиғаның анық-қанығын тергеушілер анықтап жатыр. Білім басқармасы жанынан психологиялық қолдау тобы құрылып, қара жамылған отбасыға жан-жақты көмек көрсетуде.
Айта кетейік, Жамбыл облысында соңғы екі айда жеті жеткіншек өз-өзіне қол жұмсап бақилық болып отыр.