Ерлан Барлыбаев, базар директорының орынбасары:
-Оның ішіне бензин құйған себептері, газ балондары жарылғанда бензин аққанда машиналардың астына от болып кіретін еді. Жан-жағында машиналар тұр.Олардың астына от болып кіргенде барлық машина жанар еді.
Тапа-тал түстегі оқыс жағдайдан жұрт енді базарға баруға жүрексініп қалған. Қаскөйлер адам көп жүретін әкімшілік ғимараттың маңында жойқын жарылыс ұйымдастырмақ болса керек. Әзірге қастандықтың кімге жасалғаны беймәлім. Белгілісі, транзиттік нөмірдегі жеңіл машинаның ішінен будақтап түтін шығып жатқанын тәртіп сақшысы көріп, күзетшілерді шақырған. Көліктің ішіндегі өртті сөндіру қиындық тудырса керек. Өйткені артқы есіктері ашылмас үшін ішінен сымтемірмен байлапты. Оның үстіне өртенген орындықтың айналасында 50 литр бензин мен бірнеше газ балонының жатуы елдің зәре құтын қашырған. Ал, базар басшылығы бұл қасақана жасалған әрекет дегенімен, оны кімнен көрерін білмей отыр. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.