Таразда әйелі сотталған күйеуіне ет майының арасына есірткі салып әкелген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда әйелі сотталған күйеуіне ет майының арасына есірткі салып әкелген

Таразда әйелі сотталған күйеуіне ет майының арасына есірткі салып әкелген

 

  • 19 Желтоқсан 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Тараздағы колониялардың бірінде күйеуімен кездесуге келген әйел шошқа майының арасына есірткі салып әкелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері әйелдің өзімен бірге алып келген азық-түлігіне тексеру жүргізген. Олардың арасында болған шошқа майының ішінен фольгаға оралған алты түйіншек табылған. «Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 20 грам болатын наша екені анықталды», — делінген хабарламада. Мереке күндері тіркелген факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.



 

Соңғы жаңалықтар