Жарияланды: 410

Таразда әлеуметтік дүкендер ашылды

Сейсенбі күні Таразда екі әлеуметтік дүкен ашылды.

«Стационарлық павильондар үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тағамның 33 түрін төмен бағаға сатады», - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, сауда нүктелері азық-түліктің басқа түрлерін де арзан бағамен сатады. «Алдағы уақытта тағы осындай сегіз нысан ашу көзделіп отыр. Павильондардың қожайыны - «Тараз» сауда-сатып алу компаниясы азық-түлік нарығындағы бағаны осылайша реттемек», - делінген хабарламада. Тараз қаласы тұрғындарының саны 335 мыңға жуықтайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін