Таразда сейсенбіде польшалық әнші Анна Германның құрметіне арнап мемориалды тақта ашу рәсімі өтті, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" тілшісі.
А.Герман Жамбылда 1943-1946 жылдары тұрған.
Бірақ өзі тұрған саман үй мен оқыған мектебі қирап кеткендіктен, мемориалды тақтаны "Жамбыл" қонақ үйінің ғимаратына орнату шешілді, онда әнші 1979 жылы гастрольге келгенде бірнеше күнге аялдаған болатын", деп хабарлады акцияны ұйымдастырушылардың бірі, әншінің биресми биографы Ильяс Савельев.
"Анна Герман сол сапары турал хаттарында өте жылы лебіздер жазған еді", деді ол.
А.Герман Өзбекстанға қоныс аударылған неміс отбасында 1936 жылы дүниеге келген. Жамбылға Германның отбасы репрессияға ұшыраған әкелерін іздеп барған, анасы Анна оқыған N37 мектепте сабақ берген.
Мемориалды тақтаның ашылуына Таразға әншінің Польша, Германия, Ресейден тыңдаушылары келді.