Таразда атысқа қатысты оқиғаны жасырған аурухана дәрігері жұмыстан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда атысқа қатысты оқиғаны жасырған аурухана дәрігері жұмыстан босатылды

Таразда атысқа қатысты оқиғаны жасырған аурухана дәрігері жұмыстан босатылды

19 маусымда Тараз қаласында болған оқиғаны тергеу барысында облыстық прокуратура дер кезінде ішкі істер органдарын ақпараттандыру жөніндегі заң талаптарының бұзылғандығын анықтады.

  • 22 Маусым 2016
  • 567
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетсек, 19 маусымда «Борышкер» іс-шарасы барысында, Тараз қаласындағы шағын ауданның бірінде күдіктіні ұстау барысында екі адам жарақат алды, оның бірі күдіктінің ізіне түскен учаскелік полиция инспекторы болатын.

«Тергеу барысында «криминалдық кикілжің» кезінде А. Есімді азамат атыс қаруынан жарақат алған, ол туралы аурухананың жауапты қызметкерлері құқық қорғау органдарына хабарламаған. Заңсыздықты жою жөніндегі облыстық прокуратура ұсынымы бойынша №1 қалалық аурухананың дәрігері Н.Карпович жұмыстан босатылды, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау актісінің енгізілуіне 19 маусымда Тараздағы оқиға барысында қылмыскерлердің қарсылық көрсетуі салдарынан полиция қызметкері Б.Тіленшиевтің ауыр жарақат алуы негіз болды», делінген облыстық прокуратураның баспасөз хабарламасында.

Қадағалау органы дер кезінде ішкі істер органдарын осы іс туралы ақпарат  бергенде ары қарайғы қылмыстық әрекеттерге жол берілмей, полиция қызметкерлерінің жарақат алуының алдын алуға мүмкіндік туар еді. Қазір оқ тиіп жарақат алған полиция сержанты Бекжан Тіленшиев қалалық ауруханада ауыр халде жатыр.


«Бекжан Тіленшиевтің ерлігінің, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторы Д.Зауырбектің нақты әрі білікті іс-әрекеттерінің  арқасында қылмыскер қарусыздандырылып, ұсталды. Жамбыл облыстық ІІД басшылығы полиция қызметкерлері Данияр Мәскеубекұлы Зауырбек мен Бекжана Мамырұлы Тіленшиевті Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттауға ұсыным берді», — деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.