Асқар Түйтебаев, Тараз қалалық бас мемлекеттік ветеринарлық- санитарлық инспекторы:
-Бірінші лабороториялық зертханада сараптама жасалды. Аргонолептикалық тексеру кезінде сүйектің, еттің сиырдыкі екені анықталып отыр.
Өткен аптада жекеменшік «Анета» балабақшасының ауласында жазылған көрініс әлеуметтік жұртты біраз шулатқан. Бейнежазбаны түсірген келіншек көлік үстіннен есектің басын жазбай таныса керек. Алайда, мектепке дейінгі мекеме басшысы мұны жоққа шығарып шыр-пыр болды. Тіпті таспа авторын сотқа беремін деп доқ көрсеткен. Құзырлы орын өкілдері де дереу тексеруге кіріскенімен, анық-қанығына көз жеткізе алмаған. Ақыры осы қауесетке ветеринар мамандары нүкте қойып, сиыр еті екенін дәлелдеп отыр. Тіпті күн ілгеріден суретінен мал басы бұқаға тиесілі екенін білген екен. Демек жеке «Анета» балабақшасы жұмысын одан әрі жүргізе бермек. Бірақ етті аулада бөлшектеп, санитарлық талапты ескермегені үшін айыппұл төлеуі мүмкін.