Таразда балалар шипажайы ғимаратының төбесі қардың салмағын көтермей опырылып түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда балалар шипажайы ғимаратының төбесі қардың салмағын көтермей опырылып түсті

Таразда балалар шипажайы ғимаратының төбесі қардың салмағын көтермей опырылып түсті

Таразда гепатитке шалдыққан балаларға арналған шипажай ғимаратының шифер жабындысы тоқтаусыз жауған қардың салмағын көтермей опырылып түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Ақпан 2005
  • 568
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға 2-ақпанда жергілікті уақытпен 11 сағат 40 минутта болған. Құлаған жабынды ауқымы 200 шаршы метрге жетті. Шипажай қызметкерлерінің күшімен 30 бала ғимараттың екінші қабатынан бірінші қабатқа көшірілді. 13 сағатта балалар жаппай үйлеріне жіберілді.

Ғимараттың біржола құлауының алдын алу үшін құтқарушылар опырылып түскен конструкцияларды бөлшектеп жинады.

Перейти к новостям спорта