Таразда баспанаға мұқтаж жетімдер наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда баспанаға мұқтаж жетімдер наразылық білдірді

Таразда баспанаға мұқтаж жетімдер наразылық білдірді

Барлығы мемлекеттен берілуі тиіс пәтерге ұзақ жылдан бері қол жеткізе алмай жүр. Балалар үйі түлектерінің алды есейіп, тіпті бала-шағалы болған. Ал шенеуніктер жуық арада жәрдем болмайтынын ашық айтты. Себебі, қаржы тапшылығынан көпқабатты үйдің құрылысы тоқтап қалыпты.    

  • 10 Қазан 2015
  • 373
Фото - Caravan.kz

Баспана тауқыметін тартқан Тараздағы «Ұлан» балалар үйінің түлектері. Бұл жерден кеткен соң, бәрі өз бетінше тіршілік етіп, бала-шағалы болған. Бірақ сол күйі өмірде жолдары болмай жүр. Не тұрақты жұмыс, не басында баспана жоқ.

Шәкенжан Саятханов, Тараз қаласының тұрғыны:

-Шенеуніктер бізге көмек бермек түгілі, алдына барсаң қуып шығады. Қазір әйелім мен кішкентай балам үшеуіміз жертөледе тұрамыз. Әкімнен жылап тұрып көмек сұрап барғанымда, ол менен құтылу үшін басқа бір адамға сілтеді, ақырында ол кісі де ұстатпай кетті. 

20-дан астам жетім бүгін де осылай әкімдікке келіп мұңын шақты. Кезінде бәрі жаппай пәтер кезегіне тұрған екен. Бірақ тізім сол күйі өзгеріссіз қалып, оншақты жылдан бері баспана бұйырмай жүр.

-Мен айғайламайды емес, мен жылаймын. Мен өзіме солярка құйып өртенемін. 6 бала-шағам жүр, қаңғырып.2013,14-не үй бердің, сонда ол кезде тізімде болған жоқпыз ба?

Наразы топ билік өкілдері баспана бермеу үшін түрлі құйтырқылыққа барады немесе оны қайта алып қоюдың айласын жасайды дейді. Мәселен, Сергей Неизвестный деген азаматқа әкімдік бір бөлмелі пәтер берген. Ақыл-есінің кемістігі бар ол, өз ісіне есеп бере алмайды. Қазір оның үйіне учаскелік инспектор кіріп алыпты. Ал өзі әркімнің босағасында тентіреп жүр.

Жауапты мамандар Сергейді ойда-жоқта жоғалтып, оны итпен іздеп таппадық дейді. Ұзақ уақыт үйіне келмеген соң пәтеріне полицейді тұрғызуды ұйғарыпты. Осылай деп өздеріне шаң жуытпаған шенеуніктер жетімдердің қашан баспанамен қамтылатынын тағы дөп басып айта алмады. 


Арыстанбай Қалдарбеков,  «Тараз тұрғын үй» ЖШС директоры:

-2014 жылы бөлінген шамалы қаражат, мына үйді бастай берейк деп бастаған. Содан ары қаражат берілмегендіктен үй соғылмай тұр. Неге? Оған менің қызметімнің аясы осы сұраққа жауап беруге жетпейді.

Ауыздарын қу шөппен сүрткен ақжағалылардан әзірге көмек болмай тұр. Жалпы өткен жылы 44 жетім пәтермен қамтылған екен. Ал биыл бірде-беруіне берілген жоқ.   

Соңғы жаңалықтар