Басылымның бас редакторының KZ-today тілшісіне хабарлауынша, темір тор ұсталған терезе арқылы жанармай құйылған бір бөтелке кеңсеге түскенімен, жарылыс болмай қалды. Сол маңға таяу орналасқан дәмхана қожайындары тәртіп сақшыларын шақырды.
Тараз қалалық ІІБ тергеушілер тобы оқыс оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын алға тартып, қандайбір түсініктеме беруден бас тартты.
«Южный экспресс» газетінің қожайыны — «Санал консалтинг» ЖШС. Басылым 5 мың данамен таралады. 2002-жылдан бері жарық көріп келе жатқан басылым соңғы жарты жылда ғана оқырмандар назарын тарта бастаған. Газетте журналистік зерттеулер топтамасы мен қылмыс тақырыбындағы материалдар жарияланды. Газеттің бас редакторы редакцияға жасалған шабуылды басылымның соңғы санында жарияланған мақалалармен байланыстырады. «Южный экспресс» газетінің журналистері Тараз сайлау округі бойынша мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің ықпалы туралы, жергілікті қылмыстық топтар арасындағы қарым-қатынас пен олардың әсері туралы мақалалар әзірлеген.