Таразда бір топ тұрғын далада қаңғып қалғалы тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда бір топ тұрғын далада қаңғып қалғалы тұр

Таразда бір топ тұрғын далада қаңғып қалғалы тұр

Таразда үйлерін кепілге қойып несие алған тұрғындар баспаналарынан айырылатын түрлері бар. Берешектерін толық өтесе де, микрокредиттік компания директоры пәтерлердің құжаттарын бермей, тіпті өзі де таптырмай жүр. Құзырлы орындарға арыз жазылғанымен әзірге нәтиже жоқ. Десе де, серіктестікке келген жаңа басшы бұл былықты дереу реттеуге уәде етіп отыр.

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 309
Фото - Caravan.kz

Гүлбану Найзабекова 2007 жылы «Мега-Кредит» компаниясына бір бөлмелі пәтерін кепілге қойып, 800 мың теңге несие алған. Бұл сомманы 4 жыл ішінде 1 жарым млн. етіп қайтарып та қойыпты. Қарыздан түгел құтылып, баспананың құжатын аламын дегенде оның төбесінен жай түскендей болып отыр.  

Гүлбану Найзабекова, Тараз қаласының тұрғыны:

— Біз жақында біліп отырмыз. Қолымызда бес ақ қағазымыз бар. Тек қана «Мега-Кредитпен» отырған келісім-шарт қана бар.Даму деген жоқ. Кейін, соттасып жатқанда бізге әкеледі ғой, үш жақты келісім-шарт бар.

Сөйтсе, бұл компания «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 32 млн теңге алып, жалпы саны 12 адамның баспанысын кепілге қойып жіберіпті. Әрі тұрғындардан айма-ай ақша түсіп тұрса да, өздері қорға берешектерін бермеген. Енді екі ортада қараша халық сан соғып қалды. Олар «Дамудан» өз үйлерін қайта сатып алуға мәжбүр.   

Зауытбек Абылаев, Тараз қаласының тұрғыны:

-Енді біз бағасын шығарамыз, қайтадан дейді.  Сосын бағалаушыларға бардым. Сөйтсем айтып отыр, 24-25 мың қазіргі доллармен шаққанда. Сонда есептеші қарағым, құрығанда 5 млн. болады екен. Ал, мен оны қайдан табамын.

«Даму» қоры, қарашаның қараңғылығына қайран қалды. Әу баста үш жақты келісімнің болғанын, әрі оған жұрттың саналы түрде барғанын айтады. Кәсіпкерлікті қолдау орталығы бар кінәні «Мега-Кредитке» артып отыр. Сондықтан серіктестік несиені өтемейінше, пәтерлердің құжаттарын қайтаруға  хақымыз жоқ дейді. 


Жасұлан Есжанов, Жамбыл облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының менеджері:

-«Мега кредит» мекемесінің кінәсі болып тұр. Қайтаруға мүмкіндігі болмаса да несие алып, дұрыс жұмсамай, одан кейін төленген қаражатты қайтармай. Дамуға да қаражат қайтарған жоқ, сондықтан осындай жағдай болып тұр.

Аңғалдығынан сан соғып қалған бұқара «Мега-Кредиттің» басшысын суға салса батпайтын, отқа түссе жанбайтын директор деп отыр. Олай дейтіні, құзырлы орындарға үстінен сан мәрте арыз жазылғанымен, судан құрғақ шығатын көрінеді. Қазір, серіктестікке жаңа құрылтайшы келген. Бетпе-бет жүздесуден бас тартқан ол, тек телефон арқылы тілдесті. Айтуынша, мұндағы былықты жуық арада реттеп, пәтерлерді иелеріне қайтарып бермек.  

Соңғы жаңалықтар