Таразда бірқатар коммуналды қызметтердің тарифтері төмендетілді
Таразда мемлекеттік коммуналды "Тараз-су" кәсіпорны су шаруашылығы жүйесі қызметтерінің тарифтерін төмендетті. |
Бейсенбіде Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттіктің облыстық департаментінің баспасөз қызметінен таралған хабарламасына қарағанда, 1-маусымнан бастап су шаруашылығы жүйесі қызметінің орташа тарифі қосымша құн салығын қоспағанда 1 текшеметр үшін 25-тен 23,99 теңгеге дейін төмендетілді.
"Енді, 1-маусымнан бастап халық және коммуналды кәсіпорындар жылу энергетикасы саласында (тұтынушылардың 1-ші тобы) қосымша құн салығын қоспағанда 1 текшеметр үшін 22,05 теңге емес, 21,17 теңге төлейтін болады, яғни 4 пайызға төмен. Тұтынушылардың екінші тобы (бюджет есебінен жұмыс істейтін ұйымдар) үшін қосымша құн салығын қоспағанда 1 текшеметр үшін тариф 30 теңгеден 28,80 теңгеге дейін төмендетілген. Үшінші топтағы тұтынушылар үшін бұл тариф 47,99 теңгеден 46,07 теңгеге дейін төмендетілген", делінген хабарламада.
Сонымен қатар канализациялық жүйе қызметінің де орташа тарифтері 7,4% төмендетілген.
"Канализациялық жүйе қызметтеріне қосымша құн салығын қоспағанда 1 текшеметр үшін орташа тариф 9 теңгеден 8,33 теңгеге дейін төмендетілген. Оның ішінде халық үшін (тұтынушылардың 1-ші тобы) қосымша құн салығын қоспағанда 1 текшеметр үшін тариф 5,94-дан 5,50 теңгеге дейін. Екінші тобы үшін 10,50-ден 9,72 теңгеге дейін. Қалғандары үшін 23,66 теңгеден 21,91 теңгеге дейін", делінген онда.
Хабарламада атап өтілгендей, ведомство тарифтерді төмендету туралы шешімді "Тараз-суға " жоспардан тыс жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша қабылдаған.
"Тараз тұтынушыларына келтірілген шығынның орнын толтыру мақсатында 2011 жылдың 1-маусымынан бастап су шаруашылығы және канализациялық жүйе қызметтеріне төмендетілген тарифтер енгізілді", делінген баспасөз хабарламасында.
Тараз халқының саны шамамен 335 мың адамды құрап отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін