Таразда егде жастағы әйел құжат толтыруда қателесіп, пәтерін бөтен адамға сыйға тартқан - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда егде жастағы әйел құжат толтыруда қателесіп, пәтерін бөтен адамға сыйға тартқан

Таразда егде жастағы әйел құжат толтыруда қателесіп, пәтерін бөтен адамға сыйға тартқан

Тараз тұрғыны Т.Долгих сотқа өз үйін сыйға тарту келісімін жарамсыз деп тану өтінішімен келді.

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 390
Фото - Caravan.kz

Арыз өтінішінде егде жастағы әйел келісім құжатын толтыру кезінде сауатсыздығынан екінші тұлға Н.Портьемен рента келісімін орнаттым деп санаған. Келісімге сәйкес, екінші тұлғаның міндетіне әйелге оның өмірінің соңына қарайласу кірген, яғни, оған азық-түлік, дәрі-дәрмек әкеліп, қажетті көмек көрсетуі тиіс еді.

Жұбайы қайтыс болған соң, егде жастағы әйелдің аяқтары жиі ауыра бастапты. Дертке шалдыққан ол төсекке таңылып, көмекке мұқтаж болып қалған.

Н.Портье соттан әйелдің арыз талаптарын орындамауын сұрап, арыз берушінің үйді сыйға тарту келісіміне өз еркімен қол қойғанын және өзінің туысы екендігін айтқан.


Тараз қалалық соты Т.Долгихтің арызын толық көлемде қанағаттандырды, оның бұзылған құқықтары қалпына келтірілген, делінеді хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар