Тараздың вокзал маңындағы «Жас балғын» мен Солнечный кентіндегі «Қарлығаш» балалардың аула клубтарының ашылу салтанатына қала әкімі Бекболат Орынбеков қатысты.
Ішінде театр өнері мен би үйірмелері, компьютер курстары, шахмат пен дойбы, бейнелеу өнері үйірмелері ұйымдастырылған екі аула клубы 100-ден астам баланы қабылдай алады, мұнда он ұстаз сабақ өткізеді.
Қазіргі күні облыс орталығында балалардың алты аула клубы жұмыс жасауда.