Таразда еркін күрестен халықаралық турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда еркін күрестен халықаралық турнир өтеді

Таразда еркін күрестен халықаралық турнир өтеді

27 қыркүйек күні Таразда әлемнің үздік балуандарының қатысуымен еркін күрестен Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді.

  • 4 Қыркүйек
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осымен үшінші рет өтетін дәстүрлі турнирге еркін күрестен еліміздегі үздік балуандар қатысады. Алдын ала мәлімет бойынша, еркін күрестен Азия чемпионы Санжар Досжанов, ел чемпионы Мейіржан Әшіров бастаған спортшылар Тараз кілемінде бақ сынайды. 

Турнирге қатысуы мүмкін спортшылар қатарында еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бар. 

Сондай-ақ, әлемдік күрес жұлдызы, екі дүркін әлем чемпионы Франк Чамисо да жарысқа  қатыспақ. 

Айта кетелік, бұған дейін ірі халықаралық турнир Ақтөбе және Астана қалаларында ұйымдастырылған болатын.