Таразда халықаралық сән фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда халықаралық сән фестивалі өтеді

Таразда халықаралық сән фестивалі өтеді

14-15-ші наурыз күндері Таразда І халықаралық «Аспара» сән фестивалі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

  • 14 Наурыз 2013
  • 466
Фото - Caravan.kz

Фестиваль шеңберінде жас дизайнерлер арасында: «Авангард» және «Прет-а-порте» номинациялары бойынша байқау өтеді. Сән шеберлері бірінші номинацияда қазақтың аты аңызға айналған аруы Айша Бибінің қазіргі заманғы бейнесін ашып көрсетуге атсалысады, ал екіншісі күнделікті киетін киімдер жиынтығына арналған, делінген хабарламада.

Қазір байқауға қатысуға студенттер, жас дизайнерлер мен сән үйлерінен 70 өтініш келіп түскен.
«Аспара» халықаралық сән фестивалі — қазіргі заманғы дизайнерлер үшін айтарлықтай маңызды оқиға. Ол жаңа жобалар мен дизайнерлік жаңалықтарға, қазіргі сән саласындағы тенденцияларға ұлттық жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермек», — делінген хабарламада.
Әділқазылар мен қонақ ретінде фестивальге Қазақстанның ғана емес, Ресей, Қытай, Испания, Шри-Ланка, Өзбекстан мен Қырғызстандық кутюрьелер шақырылған.
Хабарламада қазіргі таңда Жамбыл облысында тоқыма, былғары және жүн өнірісі қайта жандандырылып жатқаны атап өтілген.
Шара облыс әкімдігінің Мәдениет басқармасының мұрындық болуымен, Қазақстан мәдениетін қайта түлету және дамыту жобасы шеңберінде өткізіліп отыр.

Перейти к новостям спорта