Таразда халықаралық TARAZ INVEST-2012 форумы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда халықаралық TARAZ INVEST-2012 форумы ашылды

Таразда халықаралық TARAZ INVEST-2012 форумы ашылды

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Таразда халықаралық TARAZ INVEST-2012 инвестициялық форумын ашты.

  • 8 Қараша 2012
  • 452
Фото - Caravan.kz

«Жамбыл облысы не ұсына алады? Бізде өнімді өткізетін рынок бар. Оңтүстікте Қырғызстанмен шекараласады, оған көлік логистикасын, темір жолдар мен халықаралық әуежайды қосыңыз. Химия және металлургия өнеркәсібіне арналған шикізат мол, климаты қолайлы — экологиялық жағынан таза өнім өндіруге болады. Инвесторларды тарту мақсатында «Тараз» агроөнеркәсіп орталығы құрылды», — деді Қ.Бозымбаев бейсенбі күні форумның ашылуында.

Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Раудың айтуынша, мемлекет «Глобал-2000» тізімінен инвестор бола алатын 169 ірі кәсіпорынды анықтаған. «Оның 40-ы бізде жұмыс істеп жатыр. Қазақстан тартылған инвестицияны жан басына шаққанда алдыңғы орында келеді», — деп атап өтті ол.
А.Рау бұрын мұнай секторын қарқынды дамытып келген Қазақстан енді «өңдеу» саласына ден қоятынын атап өтті.
Форумның мақсаты Жамбыл облысына тікелей инвестиция тарту, аймақты экономикалық жағынан дамыту келешегі мен тиімді инвестициялаудың жаңа тәсілдерін талқылау болып табылады.
Форум «Қазақстанға инвестиция салу. Инвестор көзқарасы», «АӨК және жеңіл өнеркәсіп», «Химия өнеркәсібі және құрылыс», «Энергетика және жер қойнауын игеру», «Туризм және көлік логистикасы» сынды секциялар бойынша өтіп жатыр.
Жиын модераторларының қатарында еліміздегі және шетелдердегі ірі компаниялардың басшылары бар. Олар: Deutsche Bank Қазақстандағы бас директоры Ульф Вокурка, Booz Allen Hamilton компаниясының Орталық Азиядағы аймақтық директоры Роберт Босворт, Almagest консалтингтік компаниясының бас директоры Айдархан Құсайынов.
Форумды «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, Жамбыл облысының әкімдігі «Нұр Отан» партиясы мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар