Таразда көпқабатты үйде болған жарылыс: Қаза тапқандардың саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда көпқабатты үйде болған жарылыс: Қаза тапқандардың саны артты

Таразда көпқабатты үйде болған жарылыс: Қаза тапқандардың саны артты

Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан үш адам қаза тапты.

  • 27 Ақпан 2019
  • 68
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tеngrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Осыған дейін екі адамның — әйел адам мен ер адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ, сол үйдегі тұрғындардың көбі пәтерді жалдап тұрғаны айтылады. "Шамамен сағат 06.20-да 9-ықшамауданда жарылыс салдарынан зардап шеккендер жайлы мәлімет түсті. Барлығы алты адам зардап шекті, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Үш адам қалалық №1 және №2 ауруханаларға, сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Үш адамға көмек көрсетіліп, олар үйіне жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді", — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында дәрігерлер мен психологтардың көмегі көрсетіліп жатқаны айтылады. Осыған дейін төтенше жағдай туралы премьер-министр Асқар Мамин шұғыл түрде Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға болған жерге жөнелді.
 


 

Соңғы жаңалықтар