Таразда күрестен республикалық чемпионат басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда күрестен республикалық чемпионат басталды

Таразда күрестен республикалық чемпионат басталды

Бүгін Таразда «Тараз-Арена» спорт кешенінде ересектер арасында өтетін грек-рим, еркін, әйелдер күресі бойынша ҚР чемпионаты басталды.

  • 14 Қаңтар 2016
  • 459
Фото - Caravan.kz

Жарысқа барлық облыстардан және Алматы мен Астана қалаларынан СШК төмен емес дайындығы бар, ең төменгі жас — 1998 жылғы (ер/әйел) спортшылар қатыса алады, деп хабарлады Грек-рим, еркін, әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметінен.

8 салмақ санатындағы палуандардың күресіне  Иран, Оңтүстік Корея, Италия, Моңғолия, Беларусьтен келген судьялар төрелік етеді.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР МСМ кубогы, диплом, медальдармен марапатталады.