Жарияланды: 420

Таразда мемлекеттік мекеменің бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Таразда мемлекеттік мекеменің бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінен хабарлады. «Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тағы екі баланы заңсыз ата-аналарынан қайтарып алып, «Үміт» балалар үйіне тапсырды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция полковнигі Роза Қалдыбекова. ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Нұржан Қалметовтың айтуынша, жедел-іздестіру шараларының барысында осы жылдың 15 наурызы күні «Сенім» медициналық орталығынан үш айлық бала, өткен жылы алты айлық бала ақшаға сатылып кетені анықталды. Медициналық мекеме бас дәрігерінің үстінен қызметтік бабын пайдалана отырып бірнеше мәрте кәмелеттік жасқа толмаған балаларды сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть