Таразда облыстық қаржы полициясы төрағасының орынбасарының үйінің алдына белгісіз біреулер оқу гранатасын іліп кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда облыстық қаржы полициясы төрағасының орынбасарының үйінің алдына белгісіз біреулер оқу гранатасын іліп кеткен

Таразда облыстық қаржы полициясы төрағасының орынбасарының үйінің алдына белгісіз біреулер оқу гранатасын іліп кеткен

Таразда экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі облыстық департаменті (қаржы полициясы) төрағасының орынбасарының үйінің алдына белгісіз біреулер оқу гранатасын іліп кеткен. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық шұғыл құтқару отрядының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Қыркүйек 2005
  • 365
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Ф-1 жауынгерлік гранатасының қолдан жасалған қалыбын үй қожайыны 31-тамызда таңертең тауып алып, полицияға хабар берген. Оқыс оқиға орнына келген құтқарушылар үйді қоршауға алды. Шұғыл тергеу шараларының барысында Ф-1 гранатасының оқу мақсатындағы зат екені анықталды.

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозалып, қаскөйлер іздестіріліп жатыр.
Облыстық ішкі істер департаментіндегі ақпарат көзінен KZ-today тілшісіне хабарлғанындай, тәртіп сақшылары бұл оқиға зардап шегушінің кәсіби іс-қызметіне байланысты деген жорамал жасауда.

Перейти к новостям спорта