Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, өрт 31 желтоқсанға қараған түні үш сағатта шыққан. Өрт пеш мұржасының дұрыс орнатылмауынан шыққан. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері тілсіз жаудың бетін төрт сағаттан кейін ғана қайтарды.
Төтенше оқиғаның салдарынан пәтерлер толық өртеніп, 4 отбасы (16 адам) баспанасыз қалды.
Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның шешімімен 31 желтоқсан күні зардап шегушілерге Қызыл крест қоғамынан материалдық көмектер көрсетілді. Баспанасыз қалған отбасылар уақытша Таразда тұратын туыстарын паналауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті