Таразда орта қысымды газ құбырына ақау келу салдарынан 29 мыңдай тұтынушы көгілдір отынсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда орта қысымды газ құбырына ақау келу салдарынан 29 мыңдай тұтынушы көгілдір отынсыз қалды

Таразда орта қысымды газ құбырына ақау келу салдарынан 29 мыңдай тұтынушы көгілдір отынсыз қалды

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Таразда орта қысымды газ құбырына ақау келу салдарынан 29 мыңдай тұтынушы көгілдір отынсыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2006
  • 355
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, 12-қыркүйекте Таразда Абай және Ташкент көшелерінің қиылысында жер қазу жұмыстары кезінде экскаватордың ожауы орта қысымды газ құбырының тереңдегі бақылау- өлшеу учаскесі зақымдады.

Құбырдағы ақау салдарынан 29 185 тұтынушы газсыз қалды. Тіршілік қамтамасыздығы нысандарына зақым келген жоқ. Газдың қалдығы үрленді. Қалпына келтіру жұмыстары бүгін жүзеге асырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта