Таразда перзентханадан жаңа туған нәресте ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда перзентханадан жаңа туған нәресте ұрланды

Таразда перзентханадан жаңа туған нәресте ұрланды

 

  • 11 Шiлде 2019
  • 61
Фото - Caravan.kz

Тараздағы перзентханадан нәресте ұрланды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

8 шілдеде Тараз полициясына жас келіншек жүгініп, облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестесінің ұрланғанын айтып шағымданған.

Құқық қорғаушылар бейнебақылау камераларындағы жазбаны тексеріп, нәрестені ұрлаған әйелдің перзентханадан шыққаннан кейін қайда кеткенін анықтапты.

«Жақын маңдағы тұрғын аумақ жіті тексеріліп, сол маңдағы қонақ үйлердің әр бөлмесі тексерілді. Ұрланған нәресте бөлмелердің бірінен табылды. Ауыр қылмысты 2 сағат көлемінде ашу мүмкін болды. Нәресте анасына табысталды», — дейді полициядағылар.

Нәрестені ұрлады деген күдікпен Қаракемер аулының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК 135-бабы 2-тармағына (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған балалар саудасы) сәйкес тергеу басталды.


«Аталған бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта күдіктінің кішкентай баласы бар екені ескеріліп, оған қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылуда», — дейді ведомстводағылар.

Соңғы жаңалықтар