Жамбыл облыстық ІІД Тараздағы бірін-бірі қуып, қару кезенген полицейлер туралы түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде жарияланған "Таразда полицейлер бірін-бірі атып өлтіре жаздады" деген бейнежазба антитеррорлық оқу-жаттығудың бір бөлігі еді деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің берген түсініктемесі бойынша, бұл бейнежазба 2 желтоқсанда Тараз қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу кезінде түсірілген.
Облыстық ІІД мәліметіне сүйенсек, осы жаттығулар кезінде полицейлер қаруланған қылмыскерлерді ұстау әдістерін жаттықтырыпты. Полицияның айтуынша, халық арасында түсініспеушілік немесе үрей тумас үшін оқу-жаттығулардың өткізілетіні туралы ақпарат БАҚ мен әлеуметтік желілерде таратылған.