Таразда полицейлер көлік ұрламақ болғандарды қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда полицейлер көлік ұрламақ болғандарды қолға түсірді

Таразда полицейлер көлік ұрламақ болғандарды қолға түсірді

Таразда көлік ұрламақ болғандарды тәртіп сақшылары тас жолда қуып жүріп, әзер тоқтатты. «Тойотаны» тақымдамақ болған жігіттер енді қылмыстық жауаптан тегін құтылмайтын түрлері бар.

  • 18 Тамыз 2015
  • 295
Фото - Caravan.kz

Машинаны ауладан қолды қылған азаматтар полицейлердің бұйрығына бағынбай безіп барады. Құтылмасын білді ме, әйтеуір тоқтауға мәжбүр болды. Өзін тым сабырлы ұстаған жүргізуші, «көлік қарындасымдікі»- деп бет бақтырмай қойған. Артынша машинаның бөгде біреудікі екенін мойындап, оны уақытша мінуге алдым деп ақталыпты. Бұл уәжге қызыл жағалыларды сендіре алмаған 27 жастағы екі жігіт дереу қамауға алынған. Дегенмен ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылыпты. Енді олар мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.     

Соңғы жаңалықтар