Таразда қала көшелерін жарықтандыру желісі жаңартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда қала көшелерін жарықтандыру желісі жаңартылады

Таразда қала көшелерін жарықтандыру желісі жаңартылады

Тараз әкімдігі қала көшелерін жарықтандыру желілерін жаңартуға кірісті. Қазір оның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды.

  • 27 Мамыр 2011
  • 1163
Фото - Caravan.kz

Қала әкімдігінің жұмадағы ақпарына қарағанда, «Тараз көшелері мен даңғылдарын жарықтандыру желісі тиімді әрі электр қуатын барынша үнемдеуге мүмкіндік беретін материалдар негізінде жаңартылады. Оның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 274 млн теңге бөлінді».

Қосымша қаржы бөлінген жағдайда артылған материалдар қала көшелеріндегі шамдарды жөндеуге жұмсалады, делінген хабарламада.
«Үш ай бұрын қала әкімдігі «Тараз-Жарық» ЖШС-мен қала көшелерін жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету жөнінде келісімшарт бекіткен болатын. Келісімшарт құны 24,83 млн теңгені құрады. Қазір қаладағы жатақханалардың сыртқы жарық беру жүйелері қалпына келтіріліп, Тараз көшелері мен даңғылдарындағы бағандардың шамдары ауыстырылды. Қаладағы бақтар мен саябақтарына да жарық берілді. Бұған 11,35 млн теңге қаржы жұмсалды», — деп түсіндірді қалалық әкімдіктегілер.
Сонымен қатар, қазіргі кезде бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында қалада электр энергиясының тарифі өзгертілді.
«Көшелерді жарықтандыру желілеріндегі есептеу ққралдарын үш тарифті өлшеу құралдарына ауыстыру арқылы 25 пайыз бюджет қаржысы үнемделді», — делінген хабарламада.
Тараз халқының саны 335 мыңға жуықтайды.

Соңғы жаңалықтар