Жарияланды: 400

Таразда қарақшы топ ұсталды

Таразда ондаған қарулы қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен төрт жергілікті тұрғын ұсталды, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция мәліметіне сәйкес, ұсталғандардан "Оса" травматикалық тапанша мен көз етіп ойған тесіктері бар шапкалар табылған. Жас жігіттерге айуандықпен жасалған ондаған қарақшылық шабуылға қатысы бар деген айып тағылды. Олар құрбандарын аямастан ұрып-соғып, тапаншамен қорқытып заттарын тартып алғаннан кейін іздерін жасырып отырған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін